
Бұған дейін жер дауына қатысты Атырауда өткен митингке қатысқан халықты қаралаймыз деп масқарасы шыққан “Еуразия” арнасы тағы да өздерін кәсіби емес журналистер мен сауатсыз редакторлардың ордасы ретінде танытып қалды.
qazaquni.kz сайты жазғандай Астана күні “ЕЛОРДА” деген бір сөзді дұрыс жаза алмай, “ЕЛРДА ЕҢСЕСІ – ЕЛ ЕҢСЕСІ” деп, ел еңсесін бір-ақ түсірді… Бас тақырыптың өзін өрескел қате жазған, өздерін өздері №1 арна санайтын “Евразия” тілшілерінің біліктілігі туралы сөз қозғаудың өзі артық секілді. Өйткені, қате тек бұл емес, “САЛТАНАТЫ” деген сөзді де “САЛАТАНАТЫ”-деп, Астана салтанатының быт-шытын шығарған…
“Еуразия” арнасы Астана күніне орай мұндай жауапсыздық пен сауатсыздыққа қалай барып отыр? Қаншама редакторлар мен мамандар отырған ірі арна “ЕЛОРДА” мен “САЛТАНАТЫ” сөздерін қате жазуымен қазақ тілін менсінбейтіндігін көрсеткісі келді ме?