jasqazaq.kz

Елордалықтар 2 млрд 600 мың теңгені алаяқтарға ұстатқан

27 қыркүйек 2023, 16:39

Алаяқтар елорда тұрғындарының 2 млрд 600 млн теңге қаражатын алдап алған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дастан Қалиев айтты.

«Биыл Астана аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын 3 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл ретте азаматтарға келтірілген залал 2 млрд 600 млн теңгеден асады. Республикалық ауқымда 15 509 интернет-алаяқтық тіркелген. Яғни, әрбір 4 интернет-алаяқтық Астана тұрғындарына қатысты жасалады. Тонау, қарақшылық сынды әдеттегі қылмыстар екінші орынға сырғып отыр. Бұл бағыттағы қылмыстардың төмендеуіне үнемі жүргізілетін жедел алдын алу іс-шаралары, заманауи технологиялар есебінен төмендеді. Алайда, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстар жылдан жылға өршіп барады», — деді ол Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, алаяқтардың қолынан зардап шеккендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарына жүгінбейді.

«Нақты сандар айтылғандардан едәуір көп және статистика қандай екенін тек болжауға болады. алаяқтар әр түрлі жастағы адамдарды алдайды. Егде жастағы адамдар көбінесе жаңа технологиялармен таныс емес және аз сақтық танытады. Ал жеңіл ақша іздейтін адамдар өз жинақтарын салу арқылы қысқа мерзімде тез көбейтіп аламын деп сенеді», -дейді Дастан Қалиев.

Дастан Қалиев елордалық полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, тұрақты негізде интернет-алаяқтықты азайтуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі