jasqazaq.kz

Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай флешмоб жасады (видео)

15 сәуiр 2017, 20:11

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл». Астанада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған акция өтті. Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен өткен шараға шаһардың жастары жиналып, арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – бүгінгі толқын арасында рухани-танымдық құндылықтарды ұлықтау. Игі бастама ертең де жалғасын табады. «Ең әдемі жұп», «Ең үздік махаббат хикаясы» байқауларының жеңімпаздары анықталады. Ал бүгінгі жиын соңында жастар көкке махаббат шарларын ұшырды. Ақұлан Тастемір, қала тұрғыны: — Осы шараны естіп қуандық. Себебі Астана қаласында қаншама жастар бар. Бұл шараға қызыққанымыз – жас отбасыларға арналған түрлі байқаулар бар екен. Соған қатысып, өз белсенділігімізді көрсетсек деп едік. Ардақ Жүсіпова, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы: — Бұл акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамыту, қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отырған отбасылық құндылықтарды күшейту және де осы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күнін тойлауды жастар арасында кеңінен насихаттау.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде