jasqazaq.kz

Елордада енді су мен жылу тапшылығы болмайды

10 сәуiр 2023, 18:43

Сәуір айының басында мемлекет басшысы Астана қаласының әкімін қабылдап, қаладағы сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, жалпы астана тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Қала әкімінің айтуы бойынша қазір нақты жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мысалы, биыл сорғы-cүзгі станциясын құрылысы бітеді. Яғни, қосымша тәулігіне 100 мың текше метр су беріледі деген сөз. Бұл туралы қала басшысы «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазір 25 мың куб.метр көлемінде жетіспеушілік бар. Ол жетіспеушіліктің орнын толтырып, қосымша 75 мың куб.метр су бермекпіз. Тиісінше, алдағы уақытта ешқандай шектеулер болмайды. Су толық қысыммен берілетін болады. Бірақ, қосымша осындай үлкен нысандардың құрылысын бастауымыз керек», — деді әкім өз сөзінде.
Неге десеңіз Астанада тұрғындар саны күн санап көбейіп келеді. Ресми мәлімет бойынша қалада қазір 1 млн 350 мың адам тұрады, көп ұзамай қала халқы 1,5 млн-ға жетпек. Міне, осыған байланысты коммуналдық мекемелердің жұмысы жақсы жолға қойылып, су мен жылу мәселелері дер кезінде шешілуі керек.
Қала басшының айтуынша былтыр Астанада 3 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Тиісінше бұл сол үйлерді жылумен қамтуды талап етеді.
«Осы мақсатта тиісті жұмыс жүріп жатыр. Биыл екі газ жылу станциясы іске қосылады. Ол екі станция 600 гигакалория жылу береді. Бұл жұмысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі биыл аяқталады. Ол — бес қазандық. Бұл қосымша 400 гигакалория жылу береді. Осылайша 1000 гигакалория болады. Бұл алдағы үш-төрт жылға жеткілікті», — деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.

Абзал Ибрагим

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку