jasqazaq.kz

Елордада 14 жасқа дейінгі балалар қызылшаны жиі жұқтыруда

06 желтоқсан 2023, 12:01


Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де көңіл көншітпейтінін айтты.
Бүгінде елордада қызылшаның 731-ден астам расталған жағдайы тіркелді, оның 73%-тен астамы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі.
«14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдайлардың ең көп саны 4 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, яғни 430 жағдай немесе 59%. Егу жасына жетпеу себебінен 430 жағдайдың 100 жағдайы 1 жасқа дейінгі сәбилерді құрайды. Науқас балалар мен жасөспірімдердің 93% әртүрлі себептермен вакцинация алмағанын атап өткім келеді, яғни, науқастардың 55% вакциналаудан өз еркімен бас тартқан, 25% – медициналық қарсы көрсетілімі бар науқастар және 18% – егу жасына жетпегендер санаты», — деді С. Бейсенова Астана коммуникациялар орталығында өткен брифингте.
Елорданың ұйымдастырылған ұжымдарында қызылшаның 209 жағдайы тіркелген, оның 30-ы – студенттер, 58-і – оқушылар және 121 – мектеп жасына дейінгі балалар.
«Қала тұрғындарына, әсіресе ата-аналарға айтарым, қызылшаның инфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал – вакцина екенін ұмытпайық. Егер, өзіңізді баласының денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ата-ана деп санасаңыз, екпе күнтізбесіне сәйкес балаңызға міндеттелген қызылшаға қарсы вакцина жасатуға және қосымша жаппай иммунизациядан өтуге кеңес беремін», — деді дәрігер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі