jasqazaq.kz

Елорда оқушылары «мәйітханаға» экскурсияға барған

31 мамыр 2017, 17:26

Facebook желісіндегі елордалық топтардың бірінде №62 мектептің оныншы сынып оқушылары мәйітханаға ақылы экскурсияға барғандығы туралы жазылып, суреттері жарияланған.

Суреттерді әлеуметтік желіде жариялаған қолданушы балалардың мұндай жерге не үшін барғанын сұрап, аң-таң. Желідегі өзге жұрт та әйелдің пікірімен келісті.

Оқу ісі бойынша мектеп директорының орынбасары Алмагүл Жанайдарова айтып бергендей, оқушылар мәйітханаға емес, медициналық академияның анатомиялық музейіне барыпты. Академия мектеп жанында болғандықтан, мұндай экскурсиялар жылма-жыл өткізіліп тұрады екен. «Бұл медакадемия жанындағы анатомиялық музей. Медакадемия мектебіміздің дәл жанында. 10-сыныпта жыл сайын бейінді пәндер — математика, химия, биология, география және физика бойынша жазғы мектеп өткізіледі. Кестеде биология сабағы тұрғанда, біз оны әдеттегідей өткізбейміз — өйткені бұл жазғы мектеп қой, яғни сабақ экскурсия түрінде, пәнді тереңдетіп оқып, қосымша ақпарат алу мақсатында өтеді. Сондықтан жыл сайын медакадемияға барамыз, себебі меткептің қасында, бірақ олар бізді ғана емес өзге мектептерді де қабылдайды», — деп түсіндірді Жанайдарова. «Өте қызық экскурсия, оны профессорлардың өздері жүргізеді. Бұл жылма-жыл болатын іс-шара, мәйітхана емес. Балалар өздері қызыққан, ерекше нәрселерді суретке түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскісі келеді. Мәселен, музейдің жанын түскен суретін бұлай жарияламас еді», — деп атап өтті мұғалім. Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, келесі жылы мектепте медициналық сыныптар ашылып, медуниверситет оқытушылары сабақ жүргізетін болады.

sputniknews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде