jasqazaq.kz

Елімізде сусынға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі: Полиция үндеу жасады

11 ақпан 2025, 18:25

Сурет: Видеодан кадр

Елімізде сусынға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі. Осыған байланысты Астана полициясы үндеу жасап, арнайы видео түсірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Соңғы жыл ішінде елімізде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін.

«Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Бұл шағын әрі қолдануға оңай жолақтарды дәріханалардан сатып алуға болады: олар бар болғаны бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі», — делінген жазбада.

Бұл әдіс арнайы білімді қажет етпейді және өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізеді. Полиция осы сақтық шараларын достарыңыз бен жақындарыңызға ескертуге шақырды.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі