jasqazaq.kz

Елімізге кибершабуыл көбіне қай елдерден жасалады?

11 қантар 2024, 15:11


Өткен жылы Қазақстанға шетелдік хакерлер 223 млн-нан астам кибершабуыл жасады, деп хабарлайды Мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз қызметі.

Былтыр елімізге жасалған кибершабуылдардың дені Украина, АҚШ, Польшадан тіркелген. Атап айтқанда, Украинаның инфрақұрылымын пайдалану арқылы шабуыл жасау шілдеде болған және барлық шабуылдар (95%) Zyxcel жабдықтарын пайдалану әрекеттерімен байланысты.

Шетелдік хакерлер интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі клиенттерін қорғауда бар күшін салды. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – интернетке кірген кезде телекоммуникациялық желілерді қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.

Елімізге сырттан кибершабуылдар жергілікті атқарушы (133,5 млн әрекет) және мемлекеттік органдарға (47,7 млн), сонымен қоса квазимемлекеттік сектор (27 млн), байланыс операторы (19,9 млн) және жеке компанияларға (2,9 млн) жасалған.
Мемлекеттік секторға бағытталған шабуылдардың үлесі – 62%. Шабуылдардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда СҚО, Ақмола облысы, Қостанай облысында тіркелді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі