jasqazaq.kz

Еліміздің спортшылары жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада үшінші медальді жеңіп алды

25 қантар 2024, 11:58

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлап отыр.

«Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті», – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, қазір IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан 1 алтын және 2 қола жүлдені қанжығалап отыр.
Алтын медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелді. Одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлде иеленді.

JQ-Aqparat

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі