jasqazaq.kz

Еліміздің Елтаңбасын өзгерту ұсынылды (Видео)

24 ақпан 2024, 11:29

Жаңа адамдар жастар қозғалысы Елтаңбаны өзгертуді ұсынды.

Олардың айтуынша, бірегей тарихпен тоғысқан салт-санасы бір қоғамның әрқашан ортақ рәміздері болған. Қозғалыс таратқан мәлімдемеде: «Ал біз үшін сол рәміздер — Қазақстанның елтаңбасы. Елтаңба – компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба ‘ терең ұғым. Тұнған тарих.

Алайда, біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы
елтаңбамызды тани алмады. Қазақстан — қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында.

Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа Елтаңба — жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек. Қазақстанның тағдыры — еліміздің шекарасында белгіленген. Демек біздің тарих беттерінен жоғалмай, еркіндігіміз бен қасиетті ұстанымдарымызды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңбамыз халықты жұмылдыруы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай:
«Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық — тұғырлы мемлекет құра алмайды».
«Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты. Еліміздің ынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік.

… Ел санасында бірлік болуы тиіс».
Егер де баршамызға қалаулы, жаңа символ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуы тиіс,- дер жазылған.
Сөз соңында Жаңа адамдао «Халқымызға жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар шақтың келгені ме?», — деген сауал тастайды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі