jasqazaq.kz

Еліміздің оңтүстігінде қар жауып, аяз болады

27 сәуiр 2017, 17:21

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, деп хабарлайды метеоқызметтің дабылдық ескертуіне негіз жасай отырып Алматы төтенше жағдайлар департаменті.

“28 сәуір – 1 мамыр Алматы облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жел соғады. 30 сәуір – 1 мамырда таулы және тау маңындағы аудандарда қарлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. 30 сәуір—1 мамырда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 2 градус аяз болады”, — делінген хабарламада. Жамбыл облысының аумағында 28 сәуірде жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Түнде таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашын мол түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні күшті болады. 29-30 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз 9-14 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында 28 сәуірде мол жауын-шашын түсіп, сенбіге қараған түні қарға ұласады. Кей жерлерде найзағай түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 28-30 сәуір түнде жердің беткі қабаты қатады деп күтілуде.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде