jasqazaq.kz

Елімізден бензин және дизель отынын шығаруға тыйым салынды

29 қантар 2025, 10:53

Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Құжатқа сай, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.

Тыйым мына өнімдерге таралмайды:

— Майлау майларына (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары);

— дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарындағы бензинге;

— ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған авиациялық отынға (уәкілетті органмен келісілген және қажетті авиациялық отын үлгілерінің көлемі көрсетілген хат болған жағдайда);

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне.

ҚР Энергетика министрлігі бұл шара ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін жасалғанын атап өткен.

inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі