jasqazaq.kz

Еліміздегі автобустардың 36 пайызы ескірген

01 қараша 2023, 10:11


Биыл сегіз айда еліміздің автобус паркі көліктерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті — 105,5 мың. 2022 жылдың қыркүйек айының басымен салыстырғанда өсім — 27,2%. Тасымалдаушылар паркінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалып отыр.
Ұлттық статбюроның деректеріне сүйенсек, жалпы көлік паркінде электробустар өте аз — бар болғаны 32 көлік.
«Жасыл» автобустар негізінен Астана мен Алматыда жүреді. Сондай заманауи автобустардың біразы Түркістан облысы мен Шымкентте де тіркелген.
Жалпы, қазақстандық автобус паркін ескірген деп айтуға болады. Барлық автобустардың 35,9% (немесе 37,9 мыңы) — 20 жылдан ескі, тағы 40,4 мың дана арнайы көлік (38,3%) 10-0 жыл бойы жолаушы тасымалдап келеді.
Тек 7,8 мың көлікке әлі үш жыл толмаған. Елдегі жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі — 7,4% ғана.
Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді.
Қазақстанда автобус шығаратын отандық кәсіпорындар — Сарандағы QazTehna, Семейдегі «СемАЗ» және Алматыдағы Hyundai Trans Almaty бар екеніне қарамастан осындай жағдай қалыптасып отыр.
10 жылдан асқан жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы техниканың жалпы үлесі биыл 1 қыркүйекте 74,4% болды.
Бұл былтырғымен салыстырғанда көп. Бір қызығы, автобус саны бойынша жаңа статистикалық рекордқа ескі автобустар жетіп отыр.
Биыл қосымша тіркелген 22,5 мың көліктің жартысына жуығы — 12,1 мың көлік 20 жылдан ескі болса, тағы 5,8 мың автобус 10-20 жыл бойы жұмыс істеп тұр.
Былтыр ақпанда Қазақстанда 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл кем дегенде он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылған арнайы техниканы енді елге әкелу мүмкін емес дегенді білдіреді.
Бірақ нарықтағы сауданың негізгі бөлігі осы ескі автобустарға қатысты. Мәселен, биыл тамызда тіркелген автобустардың 51,9% — 10 жылдан ескі болса, салыстырмалы түрде жаңа техниканың үлесі аз болды — 7,6%.
Автокөлік кәсіпорындарының паркін жүйелі түрде жаңартуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі — инвестицияның жеткіліксіздігі.

Әлемнің көптеген елдерінде қалалық жолаушы тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланады, өйткені бұл әлеуметтік маңызы бар бизнес көбіне тиімсіз.
Қазақстанда да жағдай осындай: біздің елде де құқықтық нормалар қабылданған, соған сәйкес тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша шығындарды жабу үшін бюджеттен субсидия алуы тиіс.
Дегенмен сенатор Евгений Больгерттің деректеріне сүйенсек, бюджеттік траншты тек бірнеше облыстың автобус парктері алады. Көбіне мемлекеттік автокөлік парктеріне субсидия тұрақты түрде бөлінеді және олар жабдықты жаңартады. Жеке тасымалдаушылар қиын жағдайға тап болды.
«Былтыр жергілікті атқарушы органдар бөлген 113 млрд теңгенің 55 млрд теңгесі Алматыға, 15 млрд теңгесі Шымкентке түсті. Яғни, кейбір өңірлер субсидиялау тетігін белсенді түрде қолданса, басқалары қалдық негізде немесе мүлде жасамайды», — деді депутат Сенат отырысында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі