jasqazaq.kz

Елімізде уақыт белдеуі бірыңғай болады деп нақты шешілді

19 қантар 2024, 15:22

Осыған дейін елімізде екі түрлі уақыт белдеуі қолданылып келеді. Қызылорда облысынан бастап одан ары қарайғы өңірлердің барлығы басқа аймақтар мен республикалық маңыздағы үш қаладан 1 сағат артта тұр.

Енді Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда биыл 1 наурыздағы 00:00 сағаттан бастап бірыңғай уақыт белдеуі белгіленетінін хабарлап отыр. Сөйтіп, басқа өңірлер батыс аймақтарға теңестіріліп, сағат тілін бір сағат артқа жылжытады.

Бұл мәселе былтыр қозғалып, осы күнге дейін жоба күйінде тұрған еді. Ал бүгін нақты қаулы қабылданғаны мәлім болды.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек», – делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі