jasqazaq.kz

Елімізде терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді

26 шiлде 2016, 12:37

photo_27890Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап-арыз жолдаған», — делінген хабарламада.

Осы санаттағы азаматтық істер аудандық сотта каралып, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54-бабына сәйкес, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы осы істерге прокурордың қатысуын қамтамасыз етіп, тиісті қорытынды беріліпті.

Азаматтық істерді қарау натижиесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған. Шешім заңды күшіне енді.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде