jasqazaq.kz

Елімізде орташа айлық жалақы 148,6 мың теңгеге жетті

18 сәуiр 2017, 12:56

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылар туралы баяндады.

Алдымен министр отандық экономиканың сыртқы жаңа жағдайларға бейімделу кезеңінің аяқталғандығын және қайта қалпына келу жолына түскендігін атап өтті.

«Алдын-ала мәліметтер бойынша 2017 жылғы 1-тоқсанда елдегі ІЖӨ 3%-ға өсті. Өткен жылы аздаған қысқартулар болған еді. Экономика өсімінің драйверлері – өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары», — деді ол.

Сүлейменов ІЖӨ-нің өсуіне ауыл шаруашылығы өндірісінің 2,9%-ға артқаны септігін тигізгендігін алға тартты.

«Экономикалық өсімнің драйвері құрылыс саласы болып қалуда. Есептік кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1%-ға ұлғайды. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 25,3%-ға өсті», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар министр инфляция деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін айтты.

«Жыл басымен салыстырғанда наурыз айында инфляция деңгейі 2,3%-ды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен. Жалпы 2017 жылдың наурызында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инфляция деңгейі 7,7%-ды құрады. Біз осы жылға белгіленген 6-8%-дық мақсатты деңгейді сақтадық», — деді Тимур Сүлейменов.

Baq.kz хабарлағандай, сөз соңында 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында еліміздегі орташа айлық жалақы 148,6 мың теңгені құрағанын айтты. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендеген екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде