jasqazaq.kz

Елімізде мұнай өңдеу көлемі артты

14 мамыр 2025, 12:39

Еліміздің энергетика министрлігі биылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындысын шығарды.

Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында алғашқы төрт айда 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.

Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.

Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен сенімді жабдықтау, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімділігі мен технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық шараларды іске асыруды жалғастырады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі