jasqazaq.kz

Елімізде көкөніс пен коммуналдық тарифтер қымбаттады

03 маусым 2017, 17:50

2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 3,3%-ды құрады. Жалпы баға азық-түлік тауарларына 4,3%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге – 2,7%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы  жылдың басынан бері баға картопқа 53,9%-ға, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,3%, қой етіне – 10,1%, сиір етіне – 8,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,1%, сары майға – 5,9%, консервіленген сүтке – 5,3%, жылқы етіне – 4,2%, кондитерлік өнімдерге – 4%, мәйекті ірімшікке – 3,7%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 43,1%, жұмыртқаға –20%, қызанаққа – 10,2%, қарақұмық жармасына – 9,6%, қантқа – 6,8%, күнбағыс майына – 5,4%-ға көтерілген. Баға өсімі автомобильдерге 4,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4%, тоқыма бұйымдарына – 3%, фармацевтикалық өнімдерге – 2,6%-ға, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға – 2,1%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 5,8%, бензин – 5,5%, дизель отыны – 4,5%-ға қымбаттады. Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,2%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,7%, ішкі қалааралық – 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен – 3,1%, әуе көлігімен – 1,7%-ға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 7,3%, ыстық суға – 6,9%, кәрізге – 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, электр энергиясына – 3,1%, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.

 

qazaqtimes

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде