jasqazaq.kz

Елімізде есірткі өндірумен айналысқан Украина азаматы Польшадан экстрадицияланды (Видео)

23 ақпан 2024, 16:19

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польшадан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады.
Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ еліміздің аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен  айналысқан.
Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны — 1,5 млрд теңге.
Осындай қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған.
2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшаның аумағында ұсталды.
Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жасаған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі