jasqazaq.kz

Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды

05 мамыр 2023, 13:39

Елімізде соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ  «екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Бұл база соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған  электронды ресурс.
Ол El.kz ақпараттық агенттігі арқылы жүзеге асырылады.
База онлайн режимінде толықтырылып, «Ер есімі ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін  әрбір оқырман майдан даласына аттанған аталары туралы деректерін batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп, болмаса төмендегі поштаға жолдау қажет: elimai2012@gmail.com
Ардагерлер туралы жіберген ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар фотосуретінде тіркеу қажет.
Қазақстанда екінші дүниежүзілік  соғысына қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.
JQ-Aqparat

 

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата