jasqazaq.kz

Елімізде дәрі-дәрмектің бағасы арзандай ма?

18 ақпан 2017, 11:47

Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қазіргіден едәуір төмендетуге болады. Ол үшін препараттардың құны мемлекеттік деңгейде реттелуі тиіс. Шымкентке жұмыс сапарымен барған денсаулық сақтау министрлігінің өкілі осыны айтты.

Лариса Пак, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымының міндетін атқарушы:

Дәріханаларда бағаның шарықтап кеткені туралы жиі шағым түседі. Пайызға шақсақ, мемлекет дәрі-дәрмектің 54 пайыздайының құнын реттейді. Егер заң жүзінде қолға алатын болсақ, кем дегенде дәрілік заттардың құнын 3-4 есе арзандатуға мүмкіндік туар еді. Бірақ бұл нарық.

Ал Мәжіліс депутаттары аймақтағы медициналық препараттар өндіретін кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Мақсат дәрі-дәрмекті арзандатып қана қоймай, оның сапасына да баса мән беру.

Айта кетейік, нарықтағы отандық дәрі-дәрмектің бүгінгі үлесі 50 пайызға жақындап келеді. Оның мөлшерін ары қарай арттыру, импортқа тәуелділіктен арылу маңызды мәселе болып тұр.

baq.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде