jasqazaq.kz

Елімізде «Береке Fest» республикалық акциясы басталды

26 қыркүйек 2025, 15:30

2025 жылдың 25 қыркүйек-30 қазан аралығында Қазақстанда «Береке Fest» республикалық акциясы өтеді. Бұл акцияға еліміз бойынша шамамен 80-ге жуық ірі сауда желісі қатысуда. Олардың қатарында Magnum, SMALL, Anvar, Toimart, Фермаг, Dina, Астықжан, Норма, Дана секілді ірі ритейлерлермен қатар, өңірлік сауда желілері де бар.
Бүгін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Береке Fest» акциясының басталу барысымен танысты. Жұмыс сапары аясында ол елордадағы сауда желісін аралап, баға саясаты мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында бизнес тарапынан іске асырылып жатқан бастамалармен танысты.


Атқарылып жатқан бұл бастама еліміздің барлық өңірін қамтып, ең алдымен, халық тұтынатын негізгі тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қазақстандық өнімнің халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бағаның төмендеуі сауда желілерінің сауда үстемесін азайтуы мен фермерлер мен сауда орындары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою нәтижесінде мүмкін болды. Бұл — делдалдарды айналып өтіп, өнімнің тікелей жеткізілуіне жол ашты. Айта кету керек, осы бастама аясында сауда желілері сауда үстемесін төмендетіп, нәтижесінде тек отандық өнімдер ғана емес, сонымен қатар импорттық тауарлар да жеңілдікпен ұсынылуда.
Акциялық ұсыныстардың ассортименті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтиды.
Акция шеңберінде ірі сауда желілерінде қазақстандық өндірушілердің өнімдері үшін арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылған. Акцияның негізгі мақсаттары — отандық өнімдерді ілгерілету, сауда желілері мен жергілікті жеткізушілер арасындағы тұрақты кооперацияны дамыту. Сонымен қатар, акция ішкі сұранысты ынталандыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Акцияға қатысатын барлық сауда нүктелері бірыңғай стильде безендірілген. Бұл тұтынушылардың сауда кеңістігінде еркін бағдар алуын жеңілдетіп, өнімдердің қолжетімділігі мен жергілікті өндірісіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.
JQ-Aqparat
Сурет: сауда және интеграция министрлігі

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында