jasqazaq.kz

Елімізде барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады

03 желтоқсан 2024, 11:57

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалғанын хабарлады. Ол Қазақстанның минералдық-шикізат базасына 987 қатты пайдалы қазбалар бар екенін және оларды барлау динамикасы оң болып қалатынын атап өтті.

«Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барлануда», — деді Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ сирек кездесетін металдарды геологиялық барлаудың перспективалы учаскелері туралы баяндады. Қазір сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Бүгінгі таңда жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі учаскесінің болашағы туралы деректер бар», — деді Қанат Шарлапаев.
Министрліктің мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды – Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.

JQ-Aqparat

Фото: inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі