jasqazaq.kz

Елімізде алғаш рет «Қамқорлық» орталығы Шымкентте ашылды

02 сәуiр 2023, 14:22

Ерекше балаларға 18 жасқа дейін қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығы елімізде алғаш болып Шымкент қаласында ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жамишев,«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров, «Қамқорлық Қоры» Корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтық жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдестіп, пікірлерін тыңдады.

–Елімізде осындай 8 орталық өз жұмысын бастайды. Алғаш болып Шымкент қаласында ашылып отыр. Осы орталықта 1,5-18 жасқа дейінгі балалар күніне 4 сағат ақысыз қызмет алады. Шымкент қаласы әкімдігі қолдау білдіріп, ғимаратпен қамтамасыз етсе, біз тағы бір орталықты ашуға дайынбыз, — деді «Қазақстан Халқына» қорының төрағасы Болат Жамишев.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, Шымкентте қазір аутизммен ауыратын 220 бала тіркелген. Бүгін лентасы қиылған «Қамқорлық» орталығында 110 бала екі ауысымда жарты күн әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде 40 бала ем қабылдап жатыр.

–«Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самырұқ Қазына» АҚ және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Қызмет алушы балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық- интеграциялық бөлмелері, ЕДШ залы, робототехника және лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған.

Балалармен жұмыс істеу үшін орталықтың 36 маманы «Қамқорлық қоры» мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі