jasqazaq.kz

Елімізде 5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге қалдырылды

20 желтоқсан 2023, 11:54

Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың несие бойынша төлемі кейінге қалдырылды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру тәжірибесі реттелген.

Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде. Одан бөлек қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді.

Қорғаныс министрлігінің сарбаздары үшін әлеуметтік қолдау шараларын заң тұрғысында реттеу мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» ҚР Заңына 50-1-бапты енгізуге бастамашы болды. Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

«Бұдан өзге, Қорғаныс министрлігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабына және «Микроқаржылық қызметі туралы» ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Негізгі қарыз бен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру тәртібін белгілейтін нормаларға қорғаныс ведомствосы сарбаздардан басқа қарыз алушылар қатарына әскери жиындарға шақырылған азаматтарды да қосуды ұсынып отыр»,- деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің мәлімдеуінше, несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде. Бұл ретте мәлімет алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы іске асырылуға тиіс.
Процестерді автоматтандыру үшін Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде