jasqazaq.kz

Елімізге 150 қытай заңсыз келген

19 мамыр 2016, 19:12

photo_26111

Қазақстанда ҚХР азаматы шетел азаматтарын жұмысқа шақыратын компания ашқан, солайша 150 шетелдік келіп, жұмыс істеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық авиациялық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Қытай азаматы Джен Ренне Қазақстанға «Тұлпар Инвест Плюс» ЖШС-ның шақыртуымен келіпті. Компания ақшалай сыйақы үшін оған виза алуға және Алматының көші-қон полициясы органында тіркелуіне көмектескен.

Тексеріс барысында ер адамның ЖШС-ға ешқандай да қызмет көрсетпегені, кейін өз кәсібін ашқаны анықталды. Ол Алматы облысында құрылыс материалдарын дайындайтын «Канас Индустрия ЖШС компаниясын тіркеген, компанияның 80 пайыз үлесі өзіне тиесілі болған. Чжен құқықбұзушылық жасау бойынша айыпты деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың мамырынан бастап 2016 жылдың ақпанына дейін компанияның ҚХР-дың 150-ден аса азаматын заңсыз әкелгені анықталды. Осы дерек бойынша құзырлы тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігінде («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде