jasqazaq.kz

Еліміз Қытайға жөнелтілетін өнім көлемін арттыруға дайын

04 қыркүйек 2023, 16:04

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен ҚХР Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымы көлемінің 6 пайыздан астамы Шаньдунға тиесілі екенін атап өтті. Еліміз өз өнімдерін Қытай нарығына одан әрі ілгерілетуге және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қарастыруға мүдделі. Осыны ескеріп, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көлік әлеуетін дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету ерекше өзектілікке ие.


«Бұған бір күн бұрын Алматыда өткен қазақстандық арпаны ҚХР-ға жеткізу үшін «Қытай–Еуропа» бағыты бойынша алғашқы кері бағыттағы пойыздың іске қосылуы ықпал етеді. Біз осы бағыт арқылы қазақстандық өнімдерді жеткізуді арттыруға және жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ Астанада Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті: «Бұл іс-шара біздің іскер топтарымыз арасындағы өнімді сауда-инвестициялық өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік беретіні сөзсіз».
Өз кезегінде Лин У Шаньдун провинциясы мен Қазақстан өңірлері арасында өнімді ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сауда және логистикалық инфрақұрылым құрылысы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту әлеуеті зор.


«Бұл жолы бізбен бірге Шаньдун провинциясынан аталған салалардағы 100-ден астам кәсіпорынның өкілдері келді. Біз бірқатар бірлескен сауда-экономикалық жобаларға қол қоямыз деп отырмыз. Ортақ күш-жігердің арқасында болашақтағы ынтымақтастығымыз кеңейетініне сенімдіміз. Біз кәсіпорындарымыз арасындағы серіктестікті тереңдетіп, бірлескен жобаларды көбірек жүзеге асыруға дайынбыз», — деді Лин У.
Айта кетейік, Шаньдун провинциясы — Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан ауылшаруашылық өндірісі бойынша маңызды аймақ. Мұнда бидай, мақта, жержаңғақ, темекі, дәнді дақылдар өсіріледі. Шаньдун – елдің негізгі бау-бақша және егістік аймақтарының бірі, су өнімдері мен тұт піллесін өсірудің жетекші орталықтары.
2022 жылғы желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР-дың ірі порт операторы «Шаньдун порт тобы» Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, мультимодальды контейнерлік қызметтер мен ілеспе цифрлық өнімдерді дамыту жөнінде уағдаласқан болатын.
JQ-Aqparat

Суреттер: Үкімет басшысының баспасөз қызметі 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі