jasqazaq.kz

Елеулі мәселелерді екі жылда еңсерген аудан

16 мамыр 2023, 8:49

Абай ауданының аумағына 2014 жылы 10 елді мекен қосылды. Салдарынан шаһардағы төрт аудан ішінде аумағы үлкен Абай ауданына қосылған елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі қордалана берді. Тұрғындардың талап-тілегі Шымкенттің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары мен қала әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінен кейін кезең-кезеңімен шешіле бастады. Соңғы екі жылда ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары бұрын-соңды болмаған қарқынмен іске асты. Абай ауданының тыныс-тіршілігі мен 2022 жылы атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімі Бұхарбай Парманов тілшімізге егжей-тегжейлі баяндап берді.

–2020-2022 жылдары ауданға ауыз су құбырын тарту жұмысына 14,2 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бұл қаражатқа 2020 жылы — 4, 2021 жылы — 5, өткен жылы 1 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Ал, электр қуаты үшін 7,2 миллиард теңге қаралып, 2021 жылы — 5, 2022 жылы 3 елді мекен сапалы жарыққа қол жеткізді. Бюджеттен қаралған 5,4 миллиард теңгеге 2021 жылы -1, 2022 жылы 7 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылып, 2023 жылы 3 шағын ауданда құрылыс жұмысы басталды. Кәріз жүйесін жүргізу жұмысына 2,5 миллиард теңге қаралып, 2021 — 2022 жылдары 2 елді мекенге орталықтандырылған құбыр тартылды. Ал, 2025 жылға дейін 6 елді мекенді кәрізбен қамту жоспарланып отыр. Жол құрылысы үшін екі жылда 5,1 млрд теңге бөлінді. Жалпы атқарылған ауқымды іске 34,4 млрд теңге жұмсалды, — деді аудан әкімі.

Абай ауданына қарасты 34 елді мекенде 322,9 мың тұрғын бар. Осы елді мекендердің 33-і ауыз сумен, 31-і электр энергиясымен және 27 елді мекен табиғи газбен қамтылған. 2022 жылдың соңында ауыз суды тасымалдап ішетін Құрсай шағын ауданына су құбыры тартылып, мердігерлер жұмысты толық аяқтады. Бұдан бөлек, сапалы энергияға қолжетімділікті арттыру бойынша да атқарылған тірлік аз емес. Айталық, жекеменшік трансформатордан жарық алып отырған Нұрушақ, Батыс шағынауданы мен Жаңаталап тұрғын алабына электр желісі жүргізіліп, сапалы электр қуатымен қамиылып отыр. Ал Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарына газ құбыры тартылып, абоненттер кезең-кезеңімен жүйеге қосылып жатыр.
Ауданда 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген.Аумақ тұрғындардың жүріп-тұруына, қауіпсіздігіне, балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған.

Б.Пармановтың айтуынша, 2014 жылдан бері 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынған. Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде жергілікті бюджеттен 956,1 млн теңге қаржы қаралып, оған 5 үйдің ауласы жөнделіп, елді мекендерде 27 спорт алаңша орнатылған. «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі мен тұрғындардың белсенділігі 2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы 5,1 пайызға өскен. Ал биыл 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жолы бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтына баулу мақсатында 15 әмбебап спорт алаңы, 3 ойын және спорт алаңшасы салынбақ. Осы мақсатқа 497,5 млн теңге жұмсау көзделген.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата