jasqazaq.kz

Еленаның жетістігі – 301 000 000 теңге

03 сәуiр 2023, 10:00


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен Майами WTA 1000 турнирінің финалында сүрініп, чех қызы Петра Квитковаға есе жіберді. Десе де, әлемнің 7-ракеткасы, жерлесіміз Майамиден қанжығасы майланып қайтты. Бәсі биік доданың финалына шыққаны үшін Елена Рыбакинаға 662 мың АҚШ доллары мөлшерінде (301 000 000 теңге) сыйақы берілді және 650 рейтингтік ұпайды да еншіледі. Майами турнирінің чемпионы атанған чех Петра Квиткова 1,2 миллион АҚШ доллары сыйақыға кенеліп, бір мың рейтингтік ұпай жинап, 12-сатыдан 10-сатыға өрледі. П.Квиткова 33 жастан асқанда осы туринирді ұтқан екінші теннисші атанды. Е.Рыбакина да тарихқа есімін алтын әріппен жазды. Бір жылда үш бірдей ірі турнирдің финалына шыққан әлемдегі алтыншы теннисші біздің қыз.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде