jasqazaq.kz

Электрсамокатпен жүру ережесін әкімдер белгілейді

28 наурыз 2024, 16:36

Көктем келді, онымен бірге мопед пен электрсамокатқа мініп алып, жолмен-жолсызбен жүйткитіндер көбейді. Дегенмен «асауға тұсау» салатын кез де алыс емес. Бүгін ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аздап қуантып қойды.

«Елдегі мопедпен байланысты жағдай өзгереді», — деді ол.
Сөйтіп самокат пен мопед туралы заңның екінші пакетінде біраз шектеулер қарастырылыпты. Егер ол өзгерістер мақұлданып, қабылданса, мопед айдауға А1 категориялы жүргізуші куәлігін алу талап етіледі. Сондай-ақ 16 жасқа толмағандарға мопедпен жүруге тыйым салынбақ.

Тағы бір өзгеріс – қала немесе облыс орталықтарындағы әкімдер электрсамокат айдаушыларға қатысты өз ережесін бекіте алады.
«Әкімдер электрсамокатпен қай жерде жүруге болатын-болмайтынын өздері белгілейді. Мәселен, демалыс күндері саябақта адам көп болса, самокатпен жүруге тыйым салынуы мүмкін», — деді Игорь Лепеха.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі