jasqazaq.kz

Электр және жылумен қамту бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылады

19 сәуiр 2023, 11:02

Астанада өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов: «Биыл Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы қуаты 700 МВт-тан асатын электр стансаларын жаңғырту жұмыстары аяқталып, Екібастұз ГРЭС-1-дегі қуаты 500 МВт №1 энергоблок қалпына келтіріледі. Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында Екібастұз ГРЭС-2-дегі 3-ші және 4-ші блоктарды іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ Балқаш ЖЭС салу мәселесі бойынша жұмыстар пысықталып жатыр», — деді Премьер-Министр.
Бұдан бөлек, ол оңтүстік өңірлерде аяқталуы 2025-2026 жылдарға жоспарланған газ өндіру бойынша қуаты 2,3 ГВт-тан асатын энергетикалық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ Алматы және Түркістан қалаларындағы 2-ЖЭО-ына бу-газ қондырғыларын енгізу көзделіп отырғанын айтты.
«Биыл Қызылордада жаңа ЖЭО құрылысы басталды. Көкшетау мен Семей қалаларындағы жылу электр стансалары құрылысын жүргізетін мердігерлерді анықтау үшін конкурс жарияланды», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, Total Energies (Франция), Acwa Power (Сауд Арабиясы) және Masdar (БАӘ) компанияларымен бірлесіп, жалпы қуаты 3 ГВт жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды жүзеге асыру басталды.
Үкімет басшысы АЭС және шағын модульдік реакторлар құрылысы мәселесі пысықталып жатқанын айтты.
«Елдегі барлық жылу электр стансаларына аудит аяқталды. Биыл қажет жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура