jasqazaq.kz

Электр самокатшылар шұғыл түрде дулыға сатып алуы тиіс!

10 мамыр 2023, 14:33

Елімізде шлем кимеген электр самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

«Жол бойында самокат пен автокөлік соқтығысқан жағдайда ғана статистика жүргізіледі. Былтыр елімізде осындай 43 апат болды, бір адам қаза тапты. Олардың барлығы Алматыда тіркелді. Биылдың өзінде осындай екі факті бар. Бірақ бұл электр самокаттың автокөлікпен немесе мотоциклмен соқтығысқан кездегі статистикасы. Жаяу жүргіншілер жолағында апаттар әлдеқайда көп. Ал бұл оқиғалар бойынша статистика жүргізілмеген. Енді көліктің осы түріне қатысты нақты талаптарды заңдастырсақ, Бас прокуратура мұндай статистиканы қамтиды», — деді Игорь Лепеха.

Электр самокаттардың жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.

«Самокатпен жолға шыққан кезде, оның жүргізушіде міндетті түрде тиісті шлем мен жарық шағылыстыратын (түнде) киімі болуы керек. Бұл талаптарды елемегендерге айыппұл салынады», — деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ 18-ге толмағандар электр самокатпен жүре алмайды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі