jasqazaq.kz

Елдос Сметов көшбасшы орнын жоғалтып алды

14 ақпан 2017, 10:05

Елдос Сметов дзюдодан жаңартылған жаңа әлемдік рейтингте бірінші орыннан төртінші орынға бірақ сырғыды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Өткен сенбі, жексенбі күндері Франция астанасы Парижде дзюдодан маусымның алғашқы жарысы «Grand Slam» Paris 2017 турнирі өткен болатын. Осы додадан кейін IJF рейтингі жаңартылды. Онда 60 келі салмақта көшбасшы болып тұрған отандасымыз Елдос Сметов бірінші орыннан төртінші орынға түсіп қалды. Бұл салмақта «Grand Slam» Paris 2017 жарысының жеңімпазы жапониялық Нахиса Такато бірінші орынға көтерілді. 66 келі салмақта бұрын төртінші орында тұрған балуанымыз Азамат Мұханов 15-орыннан көрінді. Бұл салмақта кореялық балуан Ан Баул рейтингтегі көшбасшылықты сақтап қалды. 73 келі салмақта қазақ балуандары алғашқы жирмалыққа да іліге алған жоқ. Үшінші орында тұрған Шохей Ононды кореялық спортшы Ан Чагрим ығыстырды. Аталмыш салмақтың үздігі әзербайжандық Рустам Оруджов өз орнын сақтап қалды. 81 келідегі балуандарымыз да ТОП-20-ға іліге алған жоқ. Көш басында жапониялық Таканори Нагасе тұр. Қазақстандық спортшылар 100 келіге дейінгі және аса ауыр салмақ дәрежесінде де үздіктер қатарына көтеріле алмады. 100 келіге дейінгі салмақта бірінші орында болған әзербайжандық дзюдошы Эльмар Гасимов франциялық Сириль Маремен орын алмасты. Олимпиада жеңімпазы Лукаш Крпалек үздік үштікте қалса, жерлесіміз Максим Раков бұл қатарда мүлде жоқ. Ал аса ауыр салмақта көш басында — франциялық балуан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде