jasqazaq.kz

Елдегі екі банктің депозитке қатысты лицензиялары 3 айға тоқтатылды

07 қараша 2016, 14:27

 

20161107134852

ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2016 жылғы 28 қазандағы № 246 қаулысымен 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-ның және «Дельта Банк» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтата тұрды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Ұлттық банктің аталмыш шешімді екі банктің банк туралы заңнама жекелеген талаптарын бұзуына қадағалап ден қоюы және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдаған. «Лицензиялар жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және банктердің қолданыстағы депозиттеріне және қазіргі клиенттеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тартуға қатысты қолданылмайды», делінген хабарламада. Айта кетерлігі, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазинвестбанк» АҚ-ның жеке тұлғалардың қабылдаған депозиттерінің көлемі 16,4 млрд теңге немесе жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінен 2,3% және «Дельта Банк» АҚ-ныкі 11,5 млрд теңге (2,3%) болды.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде