jasqazaq.kz

Елбасының суретімен үйін қоршаған астаналық тұрғын баспанасын босатуға келісім берген

12 мамыр 2017, 16:56

Үйінің сыртына Назарбаевтың портретін іліп тастаған Астана тұрғыны үйінен өз еркімен кетіп жатқаны туралы қолхат жазып берген.

«Олар бәрібір мені шығарып тастайды. Менің адам екеніммен санасып жатқан жоқ. Біз бір ғана отбасымыз, Ерекше Мақсаттағы милиция жасағы бізден көп. Мен әскер емеспін ғой»— дейді Ұябаева құжат толтырып жатып.

Осылайша әйел үш күн ішінде үйін босатуға міндеттелді.

Дауға қалған үйге оның туыстары мен журналистерді кіргізді. Қикілжің орнына «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКМ басқармасы басшысы Александр Строчков келген.

52 жастағы Астана тұрғыны Несіпгүл Ұябаева «Алау» мұз айдыны маңайында орналасқан саяжайлардың бірінен үй иеленді.

Бұдан екі жыл бұрын әкімдік үйін ысыратындары туралы айтқан. Орнына он мың доллар өтемақы ұсынған. Дегенмен әйел адам аталған сомаға келісім бермеген.

Естеріңізге салсақ, 52 жастағы Астана тұрғыны Несіпгүл Ұябаеваның үйін Ерекше Мақсаттағы жасақ қоршап алған. Олар әйелді үйден көшірмек болған.

Үй иесі қонақтарды баспанасына кіргізбей, солярка бар ыдысты алып, сұйықтықты есікке шашқан. Сосын сіріңке тұтатамын деп, қолын күйдіріп алады.

Несіпгүл Ұябаева үйінің қабырғасына Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттерін жапсырып тастаған.

Айтуынша, президенттің 91 портреті «мемлекеттің айтқанын» орындамақ болған құрылысшыларды тоқтатады.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде