jasqazaq.kz

Елбасы өзекті мәселелерге қатысты пікірін білдірді (видео)

16 наурыз 2017, 20:37

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап берді.

«Жақсы бір сөз бар: жаңа сайлаудан кейін және үйленуден кейін керегіңді ала алмайсың. Неге адамдар сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейін сайланды, ол өз мерзімін толығымен атқарады», — деді Назарбаев журналистердің қойған сұрағына.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы журналистермен кездесу барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді. Еске салайық, Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады. Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. Сонымен қатар, ҚР Президенті кадр тағайындаудағы мәселелер жайында айтып берді.

akorda.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде