jasqazaq.kz

Елбасы: Сот органдары түзелмей реформаларды орындадық деп айта алмаймыз

21 қараша 2016, 12:25

20161121114528

Сот органдары түзелмей реформаларды орындадық деп айта алмаймыз. Бұл туралы бүгін Республика судьяларының VII съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Өздеріңіз білесіздер, біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өту қарсаңында отырмыз. Осы жылдар ішінде сіздермен бірге көз алдымызда істелген жұмыс қыруар. Еліміз үшін, жұртымыз үшін, Қазақстанымыз үшін көп еңбек жасалды. Оның барлығын біз айтып жүрміз, барлығыңыз білесіздер. Қазақстан бүгін қалыптасқан, әлем таныған, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады. Біздің реформалардың алғашқы күндерінен бастап мен айтып келе жатырмын. Экономикада алға жылжу бар, жағдайдың барлығы, елдердің барлығы басқаша түсінеді. Халықтың жағдайын өзгерттік. Әлеуметтік салада болсын, көп өзгерістер жасадық. Бірақ та, сот, құқық қорғау органдары түзелмей, біз еш уақытта реформаны орындадық деп айта алмаймыз», — деді Қазақстан Президенті. Елбасы сондықтан алғашқы күннен бастап сот жүйесі жұмысына мемлекет тарабынан айрықша назар аударылып келе жатқанын баса айтты. «Алайда, бұл жол оңай болған жоқ. Ширек ғасыр бұрын бізде нағыз құқықтық, сондай-ақ шынайы сот жүйесі болған жоқ деп айтуға болады. Соттар баяғы өзімізге белгілі партиялық бюрократтық аппараттың қолжаулығы да болғанын білеміз. Тәуелсіздіктің таңында бізге көп нәрсе жетіспеді. Сол кезде судьялық корпусты қайта оқыту, жаңа буынын тәрбиелеу, әкімшілік-командалық ойлау стереотиптерін жою қажет болды. Бүгін біздің алдымызға қойылған міндеттеріміз табысты шешімін тапты айта аламыз», — деді Назарбаев. Еске салайық осы уақытта Астанада Қазақстан Республикасы судъяларының VII съезі өтіп жатыр.

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл