jasqazaq.kz

Елбасы: Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!

12 қыркүйек 2016, 11:15

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.  Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды.

Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды.

Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін!

Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!», — делінген құттықтау мәтінінде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде