jasqazaq.kz

Елбасы: Әкімдер көрші өңірде не болып жатқанын көруге ерінеді

03 ақпан 2017, 11:51

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында кейбір облыс әкімдерін сынға алды.

«Биыл біз алған рет жеке серіктестіктің қалай жұмыс істейтінін байқап көрдік. Біреулер жақсы жұмыс істейді, ал кейбіреулері әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында жеке инвестицияларды тартудың амалын дұрыс іздемейді. Кейбір облыстар мен өңірлерде мыңдаған балабақша мен мектеп салынып жатыр, бірақ қалған облыстарда ешқандай жұмыс істелмей жатыр. Олар көрші облысқа барып, онда не болып жатқанын көріп қайтуға ерінеді. Ал өздері мемлекеттік инвестицияға ғана сүйеніп, ештеңе істемейді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзіне пікір білдіре отырып.

Tengrinews.kz хабарлағандай, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді. Жолдауда Назарбаев Үкіметтің бір орынды шиырлай беруді доғаруын, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде