jasqazaq.kz

Елбасы Димашқа арнайы стипендия тағайындады

27 ақпан 2017, 17:59

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, министр бұл ақпаратты бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде айтты. «Бүгін Ұлттық университетте ерекше күн. Бәріміз бірге Димашты өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Бұл елімізге үлкен мақтаныш. Димаш жастайынан өзін өнерге арнап, Ақтөбедегі өнер училищесінде, енді Астанадағы Өнер академиясында дәріс алып жүр», — деген министр, жас дарынның ата-анасы — Қанат пен Света Айтбаевтарға, Димаштың ұстаздарына алғысын айтты. «Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Димаштың бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыннан білуге болады», — деді министр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде