jasqazaq.kz

Елбасы: «Қазақстанда диктаторлық немесе автократиялық басқару» деген сандырақ

12 желтоқсан 2016, 12:41

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билікті қалыпты деп атады. Нұрсұлтан Назарбаев «25KZ Новейшая история» фильмінің авторларына елдегі билік формасы жайлы көзқарасын айтып берді. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда диктаторлық бар дейтіндердің республика өмірі жайлы ештеңе де білмейді деп мәлімдеді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «иә, бізде президенттік басқару. Конституцияда басқарудың президенттік үлгісі екені жазылған. Француздың президенттік билігі қатаңдау. Ал бізде осындай. Оны түрліше атайды, тіпті диктаторлыққа немесе актократиялыққа жақын дейді. Бұл далбаса сөз, бұлай дейтіндер біздегі жағдайды білмейтіндер, біздің өміріміз жайлы білмейді, жалпы ештеңе білмейді, газет оқымайды. Сондықтан біздің қазіргі билік қалыпты. Басқа жағдайлар келеді, басқа кезеңге өтеміз, басқа міндеттерді орындау керек болады, сол кезде халық басқасын таңдайды, сонда халықпен бірге қандай болатынымызды шешеміз», — деп мәлімдеді Назарбаев.

Еске салайық, «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «25KZ Новейшая история» деректі фильмі көрсетілді. КТК телеарнасының бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері мен сұхбаттары бар. Үзінділердің ішінде елдің саяси қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу жолы жайлы естеліктері айтылады. Мәселен, 1999 жылы Президент сайлауынан кейін Назарбаев кейбір БАҚ-тың жұмысын сынаған еді. Мемлекет басшысының пікірінше, газеттермен телеарналар халықты дүрліктіретін хабар таратумен айналысқан.

«Кейбір газеттеріміз бен телеарналарымыз Қазақстан Конституциясының заңынан боспыз деп есептеген. Ашығына келгенде мемлекеттілікке қарсы, халықтың бірлігіне қарсы жұмыс істейді. Түсінесіздер ме, халықты дүрліктіріп, тек жамандықты хабарлаумен болды, «өлім жатырмыз, жойылып барамыз, болашағымыз жоқ» дегенге де барды. Ал халық болашақ жоқ деп, қазақтардың, Қазақстанның болашағы жоқ деп есептей бастады! Ертең де демократияға ұарсы, қысым көрсетіп жатыр дейтіндер болса, айта берсін. Мен мемлекет құрамын, себебі мені халық осы үшін таңдады», — деп әңгімеледі Қазақстан Президенті.

Бүгін, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды