jasqazaq.kz

Елбасы ақпарат саясатына айрықша көңіл бөлінетінін мәлімдеді

07 қыркүйек 2016, 0:01

4495abcbce7d2bebbf985a00a21c4227

Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиімді ақпараттық саясат жүргізудің, елдегі медиа кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

– Жаңадан құрылған министрліктің маңызы зор. Бүгінде басты міндеттердің бірі – ақпарат кеңістігіндегі түрлі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. Сонымен қатар, халық арасында экономикалық өсімді және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын тиісті деңгейде жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік БАҚ-тың басшылық құрамын қалыптастыру ісіне мұқият болу қажеттігіне назар аударды.

– Жоғарғы талаптарға сай келетін, шетел тілдерін меңгерген және ақпарат кеңістігінің басты үрдістеріне сапалы талдау жасай алатын адамдарды таңдау керек. Жалпы, мемлекеттік ақпарат саясатының мәселелері менің басты назарымда. Министрліктің қызметіне тікелей өзім және Президент Әкімшілігінің басшысы бақылау жасайды. Басқа тұлғалардың араласуына жол берілмейді, – деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат және коммуникациялар министрі БАҚ жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету ісін ілгерілету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақстан Президентін телекоммуникация саласының қызмет ету сапасын арттырудағы министрліктің қызметі, соның ішінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу жұмысы туралы хабардар етті.

akorda.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде