jasqazaq.kz

Экстрасенс Бақыт Жұматованы «журналистер» сан соқтырып кетті

30 желтоқсан 2016, 15:23

Инстаграм әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер жалған парақша ашып, «Битва экстрасенсов» шоуының финалисі Бақыт Жұматованың атынан бойтұмарлар сатып жатыр. Бұл туралы көріпкелдің өзі айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бақыт Жұматованың айтуынша, өздерін украиналық журналиспіз деп таныстырған адамдар әбден сеніміне кірген.

«Түсіру тобы келді де, мен туралы материал қажет екенін айтты. Бағдарламаға шығаруға уәде берді, ал шын мәнісінде фотосуреттерді менің атымнан бойтұмарлар сату үшін қолданған болып шықты. Не істерімді білмеймін, алайда халықты алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамын», — дейді экстрасенс.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен сайттарда Бақыт Жұматова жасады деген бойтұмарлар 6 мың теңгеден сатылып жатыр.

Шындығында көріпкелдің бойтұмарлары әлдеқайда қымбат екен. Өзінің айтуынша, олар көмекке мұқтаж жандарға көмектесетін көрінеді.

«Шынымен де менің бойтұмарларым өте қымбат тұрады. Олар адамның денсаулығын жақсартуға, дәулетін арттыруға және тағы басқа жағдайларға көмектеседі», — деп түсіндірді Жұматова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде