jasqazaq.kz

ЭКСПО кезінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

27 наурыз 2017, 10:10

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. 

Концерт елордадағы «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталады деп көрсетілген. Кеш 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Әзірге билеттер сатылымға шыққан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген бұған дейін «Жэньминь жибао» («Халық газеті») басылымына сұхбат беріп, қытайлық азаматтарды Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырған болатын. «Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын. Бәрі сәтімен болса, мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын», — деген еді әнші. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген оныншы кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» атты әнін қазақ және қытай тілінде орындап, үшінші орыннан көрінді. Осылайша ол финалға жолдама алған еді.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде