jasqazaq.kz

Экс-судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

23 маусым 2025, 15:03

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасына кеңесші болған экс-судья Қарлығаш Тәткееваға қатысты іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның суреті қылмыскерлерге іздеу жарияланатын сайтқа салынып, бірқатар мәліметтер жазылған. Дәлірек айтсақ, оны Антикор 2025 жылдың 20 маусымынан бастап іздеп жатыр.

«1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ. Іздеу 20.06.2025 Қарағанды облысы өңірінде тіркелді. Бастамашы: Сот. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті», — деп жазылған іздеу парағында.

Айта кетейік, Тәткеева бұрын бірнеше инстанциядағы судья болған. Соның ішінде Қарағанды облысындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, Астана қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы