jasqazaq.kz

«Екпе салынбағандарға «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасынан ақша түспейді» деген рас па?

05 қантар 2024, 17:19

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Екпе салынбаған жеткіншектерге «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасынан ақша берілмейді» деген ақпарат тарап жатыр.
Stopfake.kz осы ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрген. Ондағылар бұл әңгіменің «Информационное агентство сатирических новостей Qaznews24» атты Instagram-аккаунттан тарағанын анықтап отыр. Ал бұл аккаунтта тек ойдан шығарылған әңгімелер ғана жарияланады. Әрі оның шекесіне «Адам аттары мен оқиғалардың бәрі ойдан шығарылған. Шын өмірдегі тірі немесе өлі адамдармен кез келген сәйкестік болып жатса, ол тек кездейсоқтық» деп жазылған. Яғни ондағы «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына қатысты «жаңалық» жалған екен.
Бұл әңгіменің тағы бір жалған тұсы – онда ҚР Қаржы министрлігі Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының сөзі келтірілуі. Оның да шылқи өтірік екенін аталған ведомствоның баспасөз қызметі айтып отыр.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі