jasqazaq.kz

Экономикалық өсім — кездейсоқ жетістік емес

16 мамыр 2025, 15:21

Соңғы жылдары жаһандық экономикада тұрақсыздық байқалуда. Дамыған елдердің өзінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны бәсеңдеген.
Алайда осындай күрделі жағдайда Қазақстан экономикасының жағдайы тіпті нашар деп айта алмайсың.
Халықаралық қаржы қоры былтыр біздің ЖІМ 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 4,9% өседі деп болжаған болатын. Өзімізде бәрі құлдырап жатыр деген пікірлерге әбден сенгеніміз сонша, бұған тіпті таңғала, мүмкін күдіктене де қарайсың.
Бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш 6%-ға жеткен. Салалар бойынша нақты нәтижелерге тоқталсақ:
— Транспорт саласында өсім 22%. Бұл бағытта жүргізілген инфрақұрылымдық жобалар, әсіресе жаңа автожолдар мен теміржол желілері, еліміздің транзиттік рөлін күшейтіп жатыр. Кеше ғана көлік министріне сөгіс жарияланды. Яғни, кемшіліктер бар, бұл саланың мүмкіндігі одан да көп деген сөз.
Қазақстан өзінің географиялық орнының арқасында Орталық Азиядағы маңызды транзиттік хабқа айналуға толық мүмкіндігі бар. Панама мен Египет секілді мемлекеттер бір ғана канал арқылы орасан табыс тауып отыр. Ал бізде бұл бағытта мүмкіндіктер әлдеқайда кең: «Достық – Мойынты» темір жолы, халықаралық күре жолдар мен логистикалық орталықтар осының нақты дәлелі.
— Құрылыс және өнеркәсіп – экономиканың негізін құрайтын салалар. Өнеркәсіптік даму биылғы алғашқы төрт айда 6,4%-ды құрады. Бұл соңғы үш жылда іске қосылған және салынып жатқан зауыттардың жемісі.
Қолға алынған ірі инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялық саясат өз нәтижесін бере бастады. Жақында Шымкент қаласына барған сапарында Президент мемлекеттік міндеттемелердің уақытылы орындалуы, инвестиция тарту және жобаларды кешіктірмей аяқтау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл – мемлекеттің даму бағыты жүйелі түрде жалғасып жатқанын көрсетеді.
Экономикадағы бұл өсім – кездейсоқ жетістік емес деп сенгіміз келеді. Ол дұрыс басқару және нақты әрекеттердің нәтижесі болар. Алда әлі де атқаратын жұмыс көп.
Елдос Жұмағұлов,

саясаттанушы

Сурет: baq.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды