jasqazaq.kz

Экология министрі: «Жаңбыр адам» Алтай Айнабекке сене беруге болмайды

30 шiлде 2024, 13:09

Әлеуметтік желіде «Rainman» деген атпен танымал Алтай Айнабек жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы арқылы Арал теңізін қайта қалпына келтіргісі келетінін айтқан еді. Ulysmedia.kz хабарлағандай, журналистер оның бұл бастамасына қалай қарайтынын Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан сұрады.

«Нақты сол күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күндегі болжам нақты болды. Дүние жүзінде борлжаммен айналысатын ғалымдар мен тиісті мекемелер осы тәсілді зерттеп айтуы бойынша бұл адам сеніңкіремейтін, нақты қолдануға дәлелі жоқ тәсіл. Көрсеткен Арал өңіріндегі жаңбырды айтсақ, бұл жерде қызығушылық таныттық, өзіміздің Қазгидромет мамандарды шақырдық. Біздің болжам бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болған. Сол себептен дүние жүзінің ғалымдарының ұстанымын айтсақ, бұған сене беруге болмайды», – деді Ерлан Нысанбаев.

Әлеуметтік желіде Алтай Айнабекті «жаңбыр адам» атап кеткен. Бұған себеп те жоқ емес. Өнертапқыш Аралды суға толтырамын деп жасанды жаңбыр жауғызумен айналысқалы бері елдің оңтүстігі мен орталығы жауыннан көз ашпай жүр. Айнабектің өзі де жаңбырлы ауа райына технологияның әсері барын жоққа шығармайды.

JQ-Aqparat

Фото: Ulysmedia.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі