jasqazaq.kz

Екібастұзда синтетика өндірісі бойынша есірткі зертханасы жойылды (Видео)

04 қазан 2024, 10:14

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды. Оны қаланың екі тұрғыны ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында жалпы салмағы бір килограмнан асатын альфа-PvP психотроптық заты, отандық және шетел валютасындағы қаражат, электрондық таразылар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған құрылғылар мен жабдықтар табылды. Сонымен қатар 120 литрден астам прекурсор тәркіленді.

Қаскөйлер есірткіні шағын партияларға бөліп, курьерлердің көмегімен Интернет арқылы сатуды жоспарлаған. Ұсталғандарға қатысты есірткі зертханасын ұйымдастыру және синтетикалық есірткі өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. – Жыл басынан бері полиция 48 есірткі зертханасын жойды, онда 250 кг қолдануға дайын синтетикалық есірткі, 2,5 тоннадан астам прекурсор және 72 кг-нан астам каннабис түріндегі есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесі саласындағы 11 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 5 тоннаға жуық марихуана мен 420 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп атап өтті ведомствода.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі