jasqazaq.kz

Екібастұз: Тойда уланғандар 6 млн теңге өтемақы талап етуде

06 қараша 2024, 10:30

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 16 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен жалпы сомасы 6 млн теңге талап етіп отыр. Олар жергілікті сотқа ұжымдық талап арыз түсірген.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған.
Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірованың айтуынша, тамақтан ұшынған 16 адам мейрамхана иесін сотқа беріп, материалдық және моральдық шығын өндіріп алмақ ниетте.
— Бұл азаматтардың барлығы улану оқиғасынан соң екі аптадай стационарлық ем қабылдаған. Қымбат дәрі-дәрмек сатып алған. Ауруға байланысты жұмыста бола алмай, табыстарын жоғалтқан. Қазір сот істі қарап жатыр. Аталған тойда барлығы 94 адам тамақтан уланғаны анықталып отыр. Біразынан сальмонеллоз анықталды. Мейрамхана сол уақытта рұқсатсыз жұмыс істеп тұрғаны да белгілі болған. Сальмонеллоз сонда жұмыс істейтін қызметкерден жұққан, — дейді Н.Әубәкірова.
Қазіргі уақытта полиция кәсіпкерлік нысанын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар аталған оқиғада қылмыстық әрекеттің болу-болмауын анықтайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі